| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын азаматтарды хантавирус инфекциясынан сақ болуға шақырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хантавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты азаматтарға ескерту жасады. Ведомствоның мәліметінше, инфекция негізінен кеміргіштер және олардың бөлінділері арқылы жұғуы мүмкін.
Осыған байланысты министрлік шетелге сапарлайтын тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтауды ұсынды. Атап айтқанда, кеміргіштер болуы мүмкін орындардан аулақ болу, күмән тудыратын тағам мен суды пайдаланбау, сондай-ақ бөлмелерді жиі желдетіп, тазалыққа мән беру қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, қауіптің алдын алу үшін маска мен қолғап қолдануға кеңес берілді.
Мамандардың айтуынша, сапардан кейін 1-8 апта аралығында дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жөтел немесе ентігу секілді белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.