| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Глубокое ауданы маңында болған жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды, тағы бір адам жарақат алды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шығыс Қазақстан облысында адам өліміне әкелген жол апаты тіркелді. Оқиға Берёзовка ауылының маңында, Алматы–Өскемен–Ресей бағытындағы тасжолда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda және JAC көліктері соқтығысқан. Соққы салдарынан Mazda автокөлігінде болған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.
Екінші көліктің жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, апаттың нақты себептері анықталып жатыр.