Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Еңбек жолы» – 2023 республикалық байқауы аяқталуға жақын
Жаңалықтар

«Еңбек жолы» – 2023 республикалық байқауы аяқталуға жақын

25.08.2023
1 мин
0
544
Фото: Baq.kz

2023 жылдың тамыз айының соңына дейін жыл сайынғы «Еңбек жолы» – 2023 республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылады, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 591 өтінім келіп түскен.

«Бұл байқау өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған»,- дейді ведомстваның баспасөз қызметі.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейлерде үш номинация бойынша өткізіледі: 

«Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп наградалары бар әулет таңдалады; 

«Өндірістің үздік жас қызметкері»  – 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады; 

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

Сондай-ақ, «Үздік еңбек әулеті» – 143, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – 215, «Өндірістің үздік жас қызметкері» – 233 номинациялары бойынша өтінім берілген.

«Конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысында 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан жеңімпаздар айқындалатын болады.

Конкурс лауреаттарын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы республикалық комиссия айқындайды, оның құрамына ведомство өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, әлеуметтік әріптестер, «Атамекен» ҰКП және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірді»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Еңбек жолы» - 2023 байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін осы жылдың қыркүйек айының соңында өтпек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл