485.4
550.69
6.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді әріптесінің жұмысын атқарған қызметкерге қосымша ақы төленеді
Жаңалықтар

Енді әріптесінің жұмысын атқарған қызметкерге қосымша ақы төленеді

25.06.2026
мин
0
136
Сурет: Massaget

Қазақстанда еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, уақытша жұмыста жоқ әріптесінің міндетін қоса атқарған қызметкерлерге қосымша ақы төлеу міндеттелді, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Енді демалыста жүрген, сырқаттанған немесе басқа себеппен жұмысқа шықпаған қызметкердің міндетін атқарған жұмысшыларға қосымша ақы төленуі тиіс.

Бұған дейін көптеген ұйымдар мұндай төлемді жүзеге асырмай келген. Себебі Еңбек кодексінде жұмыс берушіге қосымша төлем жасамауға мүмкіндік беретін норма болған. Қазір бұл талап заңнамадан алынып тасталды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, бір қызметкердің жұмысын қосымша орындаған адамға міндетті түрде қосымша ақы қарастырылады. Алайда төлемнің нақты көлемі заңда белгіленбеген.

Оның мөлшері жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі арқылы анықталады. Яғни тараптар атқарылған қосымша жұмыстың көлемі мен күрделілігіне қарай төлем көлемін жеке белгілей алады.

Дегенмен бұл өзгеріске қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Кейбір сарапшылардың пікірінше, қызметкерлердің еңбек демалысына шығуы немесе уақытша еңбекке жарамсыз болуы жиі кездесетін жағдай. Сондықтан мұндай кезде жұмыс берушілерге қосымша төлем міндеттеу бизнеске қосымша қаржылық жүктеме түсіруі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл