485.4
550.69
6.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді ауыл жолдарына асфальттың орнына қиыршық тас төселеді
Жаңалықтар

Енді ауыл жолдарына асфальттың орнына қиыршық тас төселеді

25.06.2026
мин
0
92
Сурет: NUR.kz

Қазақстанда көлік қозғалысы аз ауылдық жолдарды жөндеудің жаңа тәртібі енгізілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты жаңа нормалар қабылданды. Көлік министрлігінің мәліметінше, өзгерістер негізінен көлік ағыны төмен ауылдық елді мекендердегі жолдарға қатысты.

Енді мұндай жолдарды жөндеу кезінде асфальтбетонның орнына қиыршық тас төсеу және топырақты нығайту сияқты балама технологияларды қолдануға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жолдардың техникалық санаты өзгеріссіз қалады.

«Елді мекендерде күн сайын 200-ге жуық көлік қатынайды. Бұл жерлерге қымбат тұратын асфальтбетон төсеу экономикалық тұрғыдан негізсіз. Кей ауылдардағы көлік саны күрделі конструкцияларды қолдануды талап етпейді», – делінген ақпаратта.

Министрліктің мәліметінше, жаңа талаптар жол жөндеу жұмыстарын жергілікті жағдайға бейімдеп, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тиісті бұйрық ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді. Сонымен қатар елде республикалық маңызы бар автожолдардың бойына заманауи эко-сервис станцияларын салу жоспары да жүзеге асырылып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл