| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
inDrive қосымшасында сапар барысында аудиожазба жасау мүмкіндігі пайда болды. Компанияның айтуынша, жаңа функция жүргізуші мен жолаушы арасындағы даулы жағдайларды әділ қарауға және қауіпсіздікті күшейтуге көмектеседі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
inDrive сервисі пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа функцияны кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Енді жолаушылар да, жүргізушілер де сапар кезінде мобильді қосымша арқылы аудиожазба жүргізе алады.
Жаңа мүмкіндік қосымшаның «Қауіпсіздік» бөлімінде орналасқан. Аудиожазбаны бастау үшін пайдаланушы тиісті бөлімге кіріп, өз әрекетін растауы қажет.
Компанияның мәліметінше, сапар барысында туындайтын келіспеушіліктердің басым бөлігі жол жүру ақысына емес, күнделікті тұрмыстық жағдайларға байланысты болады. Мәселен, көлік есігін қатты жабу, жүргізушіні ұзақ күттіру немесе жолаушыны келісілген жерден басқа жерден алу сияқты мәселелер кейін дау туғызуы мүмкін. Мұндай кезде әр тарап оқиғаны әртүрлі жеткізеді. Ал аудиожазба жағдайдың қалай болғанын анықтауға көмектесетін қосымша дәлел ретінде қарастырылады.
Компания пайдаланушылардың құпиялылығы толық сақталатынын атап өтті. Жазылған файлдар бірден шифрланып, тек ресми шағым түскен жағдайда ғана қаралады. Аудиожазбаны телефоннан тыңдау, көшіріп алу немесе үшінші тұлғаларға жіберу мүмкіндігі қарастырылмаған.
Осылайша, inDrive жаңа функция арқылы даулы жағдайларды азайтып қана қоймай, жүргізуші мен жолаушының өзара жауапкершілігін күшейтуді көздеп отыр.