| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді WhatsApp-тағы әр хабарлама заң алдында маңызды. Кез келген келісім, мәміле немесе уәде – ресми күшке ие, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов хабарлағандай, енді WhatsApp-тағы кез келген хат алмасу, аудио немесе видео хабарлама заң тұрғысынан келіcімшарттың бір бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, егер сіз тауар немесе қызмет туралы келісіп, Kaspi арқылы төлем жасасаңыз, ал қарсы тарап белгілі бір кепілдік берсе – бұл бәрі ресми келісімшарт болып есептеледі.
- Енді WhatsApp-тағы хат алмасу, бейнежазбалар, аудио хабарламалар және жарнамалар – бәрі келісімшарттың құрамдас бөлігі. Егер бір тарап міндетін орындамаса, «келісімшарт болмады» деп ақталу мүмкін емес, себебі барлық дәлел чатта сақталған, – деді депутат.
Бұл ереже кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін маңызды өзгеріс болып отыр. Бұған дейін мәмілелер көбіне ауызша келісімдерге сүйеніп жүргізілетін, ал енді кез келген сөйлесу, хат алмасу немесе хабарлама сот немесе құқықтық органдар алдында негізгі дәлел ретінде қарастырылатын болады.
Нәтижесінде, WhatsApp-тағы әр хабарлама тек қарым-қатынас құралы емес, заң тұрғысынан маңызды құжатқа айналды. Енді әр сөйлесуді абайлап жүргізу, уәделер мен келісімдерді нақты жазу – міндетті талапқа айналды.