477.11
545.58
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді жер учаскесіне мемлекеттік акт ХҚКО-да берілмейді
Жаңалықтар

Енді жер учаскесіне мемлекеттік акт ХҚКО-да берілмейді

13.07.2026
мин
0
205
Сурет: Алматы ақшамы

12 шілдеден бастап қазақстандықтар жер учаскесіне мемлекеттік актіні халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ала алмайды. Қызмет толықтай электронды форматқа көшірілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

12 шілдеден бастап жер учаскесіне мемлекеттік актіні беру қызметі толықтай онлайн форматта көрсетіледі. Осыған байланысты бұл қызмет енді халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) қолжетімсіз.

Енді азаматтар өтінімді тек eGov.kz порталы арқылы бере алады. Ол үшін қажетті қызметті таңдап, сұралған мәліметтерді толтырып, өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе өзге қолжетімді электрондық қол қою тәсілі арқылы растау қажет.

Қызмет нәтижесінде дайын мемлекеттік акт пайдаланушының eGov порталындағы жеке кабинетіне жолданады.

Мамандардың мәліметінше, бұл өзгеріс қызметті пайдаланушылардың басым бөлігі құжаттарды онлайн рәсімдейтіндіктен енгізілген. Қазір жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға берілетін өтінімдердің 96%-ы электронды форматта қабылданады.

Жаңа тәртіп мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдетіп, қағаз құжат айналымын азайтуға және қызметті толық цифрландыруға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл