| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты істер бойынша тергеу тәжірибесіне өзгеріс енгізбек. Енді мұндай істерді негізінен әйел тергеушілер жүргізеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда жыныстық сипаттағы қылмыстарды тергеу кезінде жәбірленушілерге психологиялық тұрғыдан қолайлы жағдай жасауға басымдық берілмек. Осыған байланысты мұндай санаттағы істерді әйел тергеушілердің қарауы көзделіп отыр.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – жәбірленушілердің қосымша күйзеліске ұшырауын болдырмау және құқық қорғау органдарына жүгіну процесін жеңілдету.
Вице-министр сондай-ақ Қылмыстық кодекске енгізіліп жатқан «некеге мәжбүрлеу» нормасының қолданылу тәртібіне тоқталды. Оның сөзінше, бұл баптың аясында жәбірленуші ретінде әйелдер де, ер адамдар да танылуы мүмкін. Алайда құқықтық баға беру кезінде қысым көрсету, қорқыту немесе күш қолдану секілді әрекеттердің болуы міндетті түрде ескеріледі.
Бұдан бөлек, ІІМ сталкингке қатысты жауапкершілікті күшейту мәселесін көтеріп отыр. Ұсынысқа сәйкес, жәбірленушіні қайта-қайта қудалау фактілері үшін қосымша жауапкершілік қарастырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл бастама Мәжіліс депутаттарының талқылауында.