| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Қазақстанда 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады, энергетика саласына инвестициялар көлемі 900 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды, - деді Олжас Бектенов.
Үкімет 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, оның ішінде атом және «таза» көмір генерациясын дамытуға баса мән беріледі.