Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ералы Тоғжанов Президентке қазақстандықтардың жалақысын көтеру туралы айтты
Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Президентке қазақстандықтардың жалақысын көтеру туралы айтты

11.04.2022
1 мин
2
1682

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыны көтеру ісінің 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналын қамтитынын хабарлады. Сондай-ақ кәсіпкерлікке міндеттемелер белгілеу арқылы мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбек табысын арттыру қарастырылған.

Мемлекет басшысына кәсіпкерлік қызметтің табысын арттыруға, сондай-ақ фармацевтика, биотехнология, IT-технология және мұнай-химия бағытындағы жаңа өндірістер сияқты экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты Үкіметтің жоспары баяндалды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау шаралары қарастырылған. Мысалы, «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20 мың әйел жұмыспен қамтылады. Жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асырылып, 400 айлық есепті көрсеткішке дейін гранттар беріледі.

Кездесу соңында Президент халықтың табысын арттырудың айрықша маңызды екенін атап өтіп, Үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
М
Макпал 26.05.2022
Политцияның жалақысы неге өспейді. Қосылса жақсы болар еді
Жауап беру
Н
Нурлы 11.04.2022
Акелик кукыгынан айру керек ар кимге бала тугызып ешкандай жауапгершилик жок акелер толып жатр ондай аке болганнан болмай ак койсын темир тогда отырсын ешкимге пайдасы жок акелер. Балдардын обалына калып жургенше отырсын тып тыныш ешкимге зиянын тишизбей.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл