Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ERG компаниясы сатылады деген рас па? Ресми түсініктеме
Жаңалықтар

ERG компаниясы сатылады деген рас па? Ресми түсініктеме

22.04.2025
1 мин
0
317

Соңғы аптада бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын сату жөнінде түрлі қауесет тараған болатын. Әсіресе, режиссер Джеймс Кэмеронның аталған компанияны сатып алуға қызығушылық білдіргені жөніндегі ақпарат қызу талқыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ERG директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов бұл мәліметтерге нүкте қойып, компанияны сату бойынша ешқандай келіссөздер жүргізілмегенін ресми түрде мәлімдеді.

- 2024 жылдың соңында ERG директорлар кеңесі компанияны өркендетуге бағытталған жаңа стратегияны бекітті. Қазіргі таңда осы стратегиялық мақсаттарды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Компанияның басты басымдығы – тұрақты даму, ұзақ мерзімді өсу және барлық мүдделі тараптар үшін құндылық қалыптастыру, – делінген компанияның ресми хабарламасында.

Мәлімдемеде айтылғандай, ERG-дің күнделікті жұмысында еш өзгеріс жоқ. Компания бұрынғыдай қызметін жалғастырып, даму мен инвестиция тарту бағытына ерекше мән беруді жалғастырмақ.

ERG туралы қысқаша мәлімет

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. ERG әлемнің 20 елінде жұмыс істейді және Қазақстанда тау-кен металлургия саласының үштен бір бөлігін қамтиды. Негізгі активтері ферроқорытпа, темір кені, алюминий, көмір және энергетика салаларында шоғырланған. Сонымен қатар, компания Африкада мыс пен кобальт өндіреді, ал Бразилияда темір кенін игеру жобасын іске асыруда.

Компания құрылтайшылары туралы

  • Александр Машкевич – ERG компаниясын құрушылардың бірі әрі бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы. Ол 2025 жылдың 22 наурызында өмірден өтті.
  • Патох Шодиев пен Алиджан Ибрагимов – компанияның өзге де негізін қалаушылары. Екеуінің әрқайсысы шамамен 20% үлеске ие.
  • Қалған 40% акция Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің иелігінде.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл