447.88
516.58
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ерлан Нысанбаев Үкіметтегі жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар

Ерлан Нысанбаев Үкіметтегі жаңа қызметке тағайындалды

15.09.2026
мин
0
211

Экология және табиғи ресурстар экс-министрі Ерлан Нысанбаев жаңа лауазымға ие болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ерлан Нысанбаев Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан кеткеннен кейін келіп отыр.

Нысанбаевтың жаңа қызметі табиғи ресурстар мен экология саласындағы тәжірибесімен тікелей байланысты. Ол осы бағытта бірнеше жыл еңбек етіп, түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Еңбек жолында Нысанбаев Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін басқарды. Кейін Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерінде вице-министр болды.

2023 жылдың қыркүйегінде Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған еді. Министр ретінде ол су ресурстарын басқару, орман шаруашылығын дамыту, жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық талаптарды күшейту мәселелерімен айналысты.

Оның қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі — су ресурстары саласын реформалау болды. Бұған қоса киік популяциясына қатысты шешімдер, табиғатты қорғау және экологиялық нормаларды жетілдіру мәселелері де қоғам назарында болды.

Енді Нысанбаев бұл тәжірибесін Үкімет басшысының штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастырмақ. Жаңа қызметінде оның нақты қай бағыттарға жауап беретіні әзірге нақтыланған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл