Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Есеп комитеті 2021 жылы тиімсіз жұмсалған қаражат сомасын жариялады
Жаңалықтар

Есеп комитеті 2021 жылы тиімсіз жұмсалған қаражат сомасын жариялады

16.06.2022
1 мин
0
1537

Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 121 материал жолдады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау кезінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова айтты.

«2020 жылға қарағанда 2021 жылы бұл саладағы талаптарды бұзу деңгейі 27 пайызға аз болды. Есепті кезеңде тиімсіз жұмсалған қаражат сомасы 413 млрд теңгені құрады. Оның ішінде қаржы саласындағы талаптарды бұзу бағытында 79 млрд теңге анықталса, соның 85 пайызы бухгалтерлік есепке қатысты. Тиімсіз жоспарлау мен пайдалану тұрғысында 200 млрд теңгеден астам қаражат тіркелді. Республикалық бюджетке қайтарылған сома 17 млрд теңге болды. Бақылау шотындағы қалдық қаражат – 47 млрд теңге», - деді Н. Годунова. 

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 121 материалды жолдады. Соның арасында 56-сы былтыр қарастырылды. 

«Қазіргі кезде 32 материал қаралып жатыр, сотқа тек 3 іс жіберілді. Осы орайда материалдың біразы бойынша тергеу амалдары қайта қозғалып жатыр. Атап айтқанда, жүргізілген аудитке қатысты Үкімет анықталған кемшіліктерді түзету бағытындағы жұмыстарды атқарып жатыр», - деді Есеп комитетінің басшысы.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл