Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Есірткі қылмысына тартылған 60-тан астам жасөспірім ұсталды
Жаңалықтар

Есірткі қылмысына тартылған 60-тан астам жасөспірім ұсталды

04.11.2025
мин
0
141

"Заң мен тәртіп" қағидасын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы жұмыстарға ерекше назар аударылып, кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тарту фактілерін азайтуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Осы бағытта шамамен 17 мыңға жуық есірткіге қарсы іс-шара өткізілді, бұл шаралар 2 миллионнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, есірткі құралдарын тарату кезінде ұсталған кәмелетке толмағандардың саны өскені байқалады.

Мысалы, Абай облысында полиция қызметкерлері колледждің бірінші курс студенті, кәмелетке толмаған қызды психотроптық заттарды аса ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін ұстады. Тінту барысында одан 16 грамм синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір кәмелетке толмаған жас жігіт ұсталды. Ол Алматы қаласында тұрып, Өскемен қаласына ұшып барып, бір ай бойы интернет-дүкен арқылы тыйым салынған заттарды жеткізуші ретінде жұмыс істеген. Ұстау кезінде одан α-PVP тобына жататын 3 грамм синтетикалық есірткі алынды.

Бүгінгі күні республика бойынша есірткінің заңсыз айналымына тартылған 60-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды өз балаларының кіммен араласатынына, қандай әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланатынына ерекше назар аударуға шақырады. Кей жағдайларда мұндай ресурстар "қашықтан жұмыс" немесе "жеңіл табыс" түрінде ұсынылып, шын мәнінде заңсыз әрекеттерге тартудың құралына айналып отыр.

ІІМ еске салады:

- есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ол тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қамтуы мүмкін;

- алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық әрекеттеріне ата-аналардың салғырт қарауы әсер еткені анықталған жағдайда, ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарлануда.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидасын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастырады.

Жасөспірімдерді есірткі бизнесіне тартудың әрбір фактісі ерекше бақылауда. Министрлік мұндай қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуді жалғастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл