Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Есірткі зертханасын құрған ақмолалық 14 жылға сотталды
Жаңалықтар

Есірткі зертханасын құрған ақмолалық 14 жылға сотталды

27.03.2024
1 мин
0
290
Фото: bangkokbook.ru

Есірткі зертханасын заңсыз құрған ақмолалыққа қатысты Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер алқасының қатысуымен айыптау үкімі шықты.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы куратордың нұсқауларын басшылыққа ала отырып, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз жасау үшін барлық қажетті компоненттер мен жабдықтарды жинап, жасырын зертхананы ұйымдастыруға жеке үй тапқан.

Жедел іс-шаралар барысында жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, заңсыз айналымнан 50 мыңнан астам бір реттік есірткі дозасынан тұратын 5 кг астам альфа РVР психотроптық заты тәркіленді.

«Кінәлі сот алдында жауап берді, мемлекеттік айыптаушы алқабилерге сотталушының зертхананы заңсыз құруға қатысы бар екендігі туралы даусыз дәлелдер келтірді. Алқабилердің үкімімен ақмолалық 14 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді ведомстводан. 

Осыған байланысты, Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды тыйым салынған заттарды өткізу дерегі белгілі болған кезде, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл