| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді ескі көліктерге айтарлықтай жеңілдік беріледі: 10 жылдық машиналар 30%, ал 20 жылдан асқандар 50% жеңілдікке ие болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көлік салығының жаңа тәртіпке сай есептелуі:
2011 жылғы көлік (қозғалтқышы 2362 см³)
Базалық ставка: 6 АЕК
Қосымша: шекті мөлшерден асып кеткен әр текше см үшін 7 теңге
Бұрынғы есеп бойынша салық: 28 484 ₸
Жаңа ереже бойынша жеңілдік: 30%
Жаңа салық сомасы: 28 484* 0,7= 19938,8
Яғни, 2011 жылғы көлік иесі жаңа есеппен 19 938 ₸ төлейді.
2005 жылғы көлік (қозғалтқышы 2362 см³)
Көлік 20 жылдан асады, сондықтан жеңілдік: 50%
Бұрынғы есеп бойынша салық: шамамен 28 484 ₸
Жаңа салық сомасы: 28484* 0,5=14 242
Яғни, 2005 жылғы көлік иесі жаңа ереже бойынша 14 242 ₸ төлейді.

Сонымен қатар, қозғалтқыш көлеміне қосымша салық алынып тасталды. Бұдан бөлек, көлік санаттарын (пикап, джип, лимузин, фургон) бөлу ережесі жойылды: енді салық жүргізуші куәлігіндегі категорияға (A, B, C, D) сәйкес есептеледі. Бұл өзгерістер салық есептеуде түсініспеушіліктерді азайтуға бағытталған.
Жаңа ереже көлік иелеріне жеңілдік беріп, салықты түсінікті әрі әділ етіп есептеуді қамтамасыз етеді