Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ЕҰУ-да 354 орындық жаңа жатақхана пайдалануға беріледі
Жаңалықтар

ЕҰУ-да 354 орындық жаңа жатақхана пайдалануға беріледі

13.08.2025
1 мин
0
168
Сурет: gov.kz

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 354 орынға арналған жаңа студенттік жатақхана 2025–2026 оқу жылы қарсаңында ашылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Пушкин көшесі, 13А мекенжайында орналасқан жатақхана жаңа оқу жылында алғашқы студенттерді қабылдайды.

Жатақхана құрылысы "Bastau Partners.kz" ЖШС жеке инвесторының қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Жалпы ауданы 4 421 шаршы метр болатын бес қабатты ғимаратта үш адамдық 118 бөлме бар. Барлық бөлмелер жиһазбен, тұрмыстық техникамен және интернетпен жабдықталған, бейнебақылау орнатылған. Сондай-ақ коворкинг-аймақтар, оқу залы, кір жуатын орындар мен ас үйлер қарастырылған.

Жаңа нысанды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов және "Қаржы орталығы" АҚ өкілдері аралап көрді. Ректордың айтуынша, бұл жоба студенттерді қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Жаңа жатақханаға қоныстануға өтініш қабылдау Platonus электронды жүйесі арқылы жүргізілуде. Биыл университет жатақханаларындағы жалпы орын саны 8 500-ге жетіп, студенттердің тұрғын үйге деген сұранысы толық қамтамасыз етілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл