| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр , - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.
- Қазіргі уақытта әуе компаниясы Франкфуртқа Астана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуе рейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады., - делінген хабарламада.