Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Фишинг, жалған қосымша және онлайн-несие: жаңа алаяқтық схемаларынан сақ болыңыз
Жаңалықтар

Фишинг, жалған қосымша және онлайн-несие: жаңа алаяқтық схемаларынан сақ болыңыз

20.02.2026
мин
0
146

Ішкі істер министрлігі азаматтардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнату арқылы қашықтан қол жеткізетін алаяқтық схема туралы ескертті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазіргі уақытта Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаны орнатып, тарату жағдайлары тіркелуде. Қаскөйлер оны тарату үшін түрлі тәсілдер қолданады.

Мысалы: мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелерді тарату; жалған мобильді қосымшалар; фото, бейне және құжаттар түрінде жасырылған зиянды қосымшалар; мемлекеттік органдар, банктер және жеткізу қызметтері атынан жіберілетін хабарламалар; акцияға немесе ұтыс ойынына қатысу сылтауымен қосымша орнатуды талап ететін қоңыраулар.

Мұндай бағдарлама орнатылғаннан кейін алаяқтар құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шоттардағы қаражаттың ұрлануына, онлайн-несиелердің рәсімделуіне, жеке деректер мен хат алмасудың таралуына, сондай-ақ телефонды бұғаттап, төлем талап етуге әкеп соғуы мүмкін. Өзіңізді қорғау үшін үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тек ресми қосымшаларды және антивирустық бағдарламаны пайдаланыңыз, банк операциялары туралы хабарламаларды қосыңыз. Телефоныңызда қауіпті бағдарламаның болу белгілері: батареяның тез таусылуы, құрылғының қызып кетуі және бейтаныс қосымшалардың пайда болуы.

- Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріңіз, банкпен байланысыңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сақ болыңыз. Цифрлық қауіпсіздік өзімізден басталады, - деді ІІМ өкілдері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл