Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
FlyArystan Қарағандыдан Ыстамбұлға жаңа халықаралық бағыт ашты
Жаңалықтар

FlyArystan Қарағандыдан Ыстамбұлға жаңа халықаралық бағыт ашты

04.06.2025
1 мин
0
168
Сурет: vlast.kz

Қарағанды қаласындағы Сарыарқа халықаралық әуежайы FlyArystan қазақстандық лоукостерінің жаңа халықаралық бағыты – Қарағанды – Ыстамбұл рейсі үшін бастапқы нүктеге айналды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Инаугурациялық FS7915 рейсі 2025 жылғы 4 маусымда Қарағандыдан Ыстамбұлдың халықаралық әуежайына заманауи әрі жайлы Airbus A320 ұшағымен орындалды. Жаңа бағыттың ашылуына орай жолаушыларды мерекелік атмосферамен шығарып салып, түрік тәттілерімен қарсы алды.

- Біз халықаралық бағыттар желісін кезең-кезеңімен кеңейтіп келеміз. Қарағанды – Ыстамбұл бағытының іске қосылуы осы жолдағы маңызды қадамымыз болды. FlyArystan – бұл екі қала арасында тікелей әуе қатынасын ұсынатын алғашқы әрі әзірге жалғыз әуе тасымалдаушы. Бұған дейін біз Ақтаудан Ыстамбұлға тұрақты рейстерді жүзеге асырып келеміз. Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік байланыстардың, туризм мен мәдени алмасудың дамуына тың серпін беретініне сенімдіміз, - деді "FlyArystan" АҚ Президенті Ричард Леджер.

Қарағанды – Ыстамбұл – Қарағанды бағыты бойынша рейстер 2025 жылғы 29 тамызға дейін аптасын екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы шамамен 6 сағат 15 минутты құрайды.

Ұшу және келу уақыты (жергілікті уақыт бойынша) белгіленген түрде болады: ұшақ Қарағандыдан сағат 14:20-де ұшып шығып, Ыстамбұлға 18:35-те қонады. Қайтар бағытта ұшақ Ыстамбұлдан 19:20-да ұшып, Қарағандыға келесі күні таңғы 02:30-да жетеді.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе байланысын нығайтудағы маңызды қадам болды. Орталық Қазақстанның жүрегінде орналасқан және елдің жетекші өнеркәсіптік, білім беру әрі мәдени орталықтарының бірі саналатын Қарағанды енді Түркияның ең ірі қаласы – Ыстамбұлмен тікелей әуе қатынасын ашты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл