| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
FlyArystan Ыстықкөлге маусымдық рейстерді қайта ашты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
FlyArystan жазғы маусымға орай Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейстерді қайта іске қосты. Ұшулар 3 шілдеден 31 тамызға дейін жалғасып, аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Билеттердің бастапқы бағасы бір бағытқа шамамен 37 000 теңгені құрайды. Астанадан рейс таңғы 07:30-да ұшып, Тамшы әуежайына 10:45-те жетеді. Ал кері бағытта ұшақ 12:00-де көтеріліп, 13:20-да Астанаға қонады (уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген).