Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады
Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

19.03.2024
1 мин
0
189
Фото: olympic.kz

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары толық құрамда жиналды.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Грекияға қарсы ойынға 19 наурызда аттанады.

Оқу-жаттығу жиынына соңғы болып Ресейдің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп қосылды.

Қорғаушы 2018 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 30 кездесуге қатысты. Әзірге қарсыластар қақпасына гол соға алмады.

Оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түрікменстанмен өткен жолдастық кездесуде 2:0 есебімен топ жарды.

Кейін оқу-жаттығу жиынына Бактиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қосылды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекиямен кездеседі.

Аталған кездесуде жеңіске жеткен жағдайда 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Жеңімпаз құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл