| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қазақстан мен Германия $160 млн-ға жаңа жобаларды іске асыра алады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Kazakh Invest-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Германияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында тау-кен металлургия, машина жасау және медицина саласындағы $10 млрд астам сомаға жобаларды таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша $160 млн-нан астам ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен денсаулық сақтау жобаларын іске асыру туралы құжаттарға қол қойылды.