Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар қаласындағы ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Даниил Барт Google компаниясынан Берлинде өтетін халықаралық Google I/O 2025 конференциясына қатысу үшін арнайы шақырту алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің хабарлауынша, бұл іс-шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерінің жетекші мамандарын біріктіреді.
Даниил – әлем бойынша техникалық біліктілікті растауға қойылатын жоғары талаптарды сәтті еңсерген санаулы студенттердің қатарында.
- Конференция мен одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты технологиялар және веб-платформалар саласындағы терең білімге жол ашады. Осындай деңгейдегі іс-шараға Қазақстан атынан қатысатыныма қуаныштымын, – деді Даниил Барт.
Google компаниясымен оның серіктестігі 2023 жылы, колледждің бірінші курсында оқып жүрген кезінде басталған. Сол жылы ол елімізде Google ұйымдастырған түрлі техникалық шаралар мен байқауларды өткізуге жауапты команда құрамына кірді.
Қазіргі таңда Даниил Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің үшінші курсында білім алып жүр. Бағдарламалауға деген қызығушылығы мектеп кезінен басталып, колледжде ол түрлі байқаулар мен хакатондарға белсене қатыса бастады. 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan сайысында алтын медаль иеленіп, 2024 жылы Иранда өткен халықаралық турнирде үздік ондық қатарына енді. Сонымен қатар, “Тәуелсіздік ұланы” сыйлығының иегері және Google қауымдастығы аясында жүзеге асқан бірқатар жобалардың авторы.