Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған дипломдарға қатысты тараған ақпаратқа байланысты ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жалған дипломдар туралы түрлі мәліметтер кеңінен таралуда. Мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында министрлік 1991 жылдан бері берілген дипломдардың бірыңғай базасын құрды, – делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдан бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар тапсыруда. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы тексеруге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, 1991 жылдан бергі дипломдар кезең-кезеңімен цифрландырылып, қазіргі таңда базаға 3 миллионнан астам жазба енгізілген.
- Жалған диплом әзірлеу немесе қолдану – заң бойынша қатаң жазаланады, – деп ескертті министрлік өкілі.