Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 ІІМ “хайп” қуған азаматтарға үндеу жасады
Жаңалықтар

ІІМ “хайп” қуған азаматтарға үндеу жасады

31.10.2025
мин
0
91
Сурет: Gov.kz

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп” үшін жасалатын арандатушылық әрекеттер жиілеп кетті, – деп хабарлайды Dauletten.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, кейбір жастар жұрттың назарын аудару үшін сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіру, тәртіп бұзу секілді бейәдеп әрекеттерге барады. Мұндай қылықтар заң бойынша жауапкершілікке әкеп соқтырады.

- Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету. Қоғамдық орында жасалған кез келген ұят әрекетке жол берілмейді, заңға сәйкес жауапқа тартылады, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Министрлік азаматтарды, әсіресе жастарды, интернеттегі күмәнді трендтерге ермеуге шақырды. 

- Нағыз құрмет пен абырой жақсы іс, пайдалы ой, дұрыс әрекет арқылы келеді. Қоғамдық тәртіп – бәрімізге ортақ міндет. Интернетте де, өмірде де мәдениет пен парасаттылықты сақтайық, – деп үндеу жасады ведомство өкілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл