463.91
544.63
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Қазақмыс” кәсіпорнында бір тоннадан астам жанармай ұрланған
Жаңалықтар

“Қазақмыс” кәсіпорнында бір тоннадан астам жанармай ұрланған

13.05.2026
мин
0
112
Сурет: El.kz

"Қазақмыс” маңында ірі ұрлықтың беті ашылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Polisia.kz мәліметінше, Ішкі істер министрлігі стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарда заңдылық пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейткен. Әсіресе өнеркәсіп саласына залал келтіретін ұрлық, көлеңкелі схема және өзге де заңсыз әрекеттерді анықтауға басымдық берілуде.

Ұлытау облысында өткен жылдан бері полиция “Қазақмыс корпорациясы” аумағында әрекет еткен бірнеше қылмыстық топты ұстаған. Ресми дерекке сәйкес, келтірілген шығынның 94,5 пайызы өтелген.

Тергеу материалдарына қарағанда, ұйымдасқан топтар құрамында бағалы металдардың үлесі жоғары кен қорытпаларын заңсыз алып шығу схемасын құрған. Осы іске қатысы бар күдіктілер сотталған.

Биыл өңірде ірі көлемдегі шығын келтірген төрт ұрлық дерегі ашылған. Соның бірі 7 мамыр күні тіркелген. Полицейлер кәсіпорын аумағынан жанармай ұрлау әрекетінің жолын кесіп, қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адамды ұстады.

Жедел іс-шаралар кезінде бір тоннадан астам жанармай, ірі көлемдегі ақша, көліктер, оқ-дәрісі бар қару және басқа да заттай дәлелдер тәркіленген.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер арнайы техникаға жалған жанармай құю құжаттарын рәсімдеу арқылы әрекет еткен. Тергеу барысында кейбір күзет қызметкерлерінің де заңсыз схемаға көмектескені анықталған.

Қазір қаржылық-шаруашылық құжаттарға талдау жүргізіліп жатыр. Тергеушілер келтірілген шығын көлемін нақтылауда. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілдерінің айтуынша, шығын көлемі аса ірі болуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл