| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ талапкерлердің емтиханын онлайн көрсететін болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
15 шілдеден бастап ІІМ жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер дене шынықтыру нормативтерін өздерінің тұрғылықты жеріндегі полиция департаменттерінде тапсыра бастайды. Биылғы қабылдау науқанының басты ерекшелігі – барлық сынақ толықтай бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл өзгеріс қабылдау процесін барынша ашық етуге бағытталған. Енді ата-аналар емтихан барысын тек онлайн бақылап қана қоймай, қаласа сынақ өтетін орынға барып, өз көзімен де көре алады.
Тағы бір жаңалық – талапкерлер бұрынғыдай ІІМ жоғары оқу орындарына арнайы бармайды. Нормативтер жергілікті полиция департаменттерінде қабылданады. Кейін барлық бейнематериалдар мен құжаттар тиісті оқу орнының қабылдау комиссиясына жолданады.
Комиссия талапкердің ҰБТ нәтижесін, тапсырған құжаттарын және конкурстық көрсеткіштерін ғана негізге алып шешім шығарады. Министрлік қабылдау процесі кезең-кезеңімен «Qyzmet-Police.kz» ақпараттық жүйесі арқылы цифрландырылып жатқанын мәлімдеді.
Биыл ІІМ жоғары оқу орындарына 1250 грант бөлінген. Ал бұл орындарға шамамен 4 мың талапкер үміткер болып отыр.
Сондай-ақ министрлік талапкерлер мен олардың ата-аналарына маңызды ескерту жасады.
- Сыйақы үшін оқуға түсуге көмектесемін, процесті жеделдетемін немесе қандай да бір мәселені шешіп беремін деген адамдарға сенбеңіздер. Өз уақыттарыңыз бен қаражаттарыңызды сақтаңыздар! Бүгінде барлық негізгі шешімдер цифрлық жүйеде қабылданады, әрбір кезең тіркеледі. Балаларыңыз бұл ақпаратты жеке кабинеттерінен көре алады, ал қабылдау науқанына қатысушылардың әрекеттері тексеріледі, – деп ескертеді ІІМ өкілдері