462.3
538.07
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында барша ата-анаға, оқушылар мен ұстаздарға үндеу жолдады
Жаңалықтар

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында барша ата-анаға, оқушылар мен ұстаздарға үндеу жолдады

27.08.2026
мин
0
312

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында барша ата-анаға, оқушылар мен ұстаздарға үндеу жолдады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет.

Оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Мектепке өздері барып-қайтады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Сондықтан ІІМ жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады.

Жаңа оқу жылына барлық мектептің маңындағы жол қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жүргізілді. Балаларды тасымалдайтын автобустар да толық тексеруден өтті. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқамалар берілді. Олар оқу жылы басталғанға дейін жойылады.

ІІМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Балаларға жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, жолдан өтер кезде телефонды пайдаланбау және құлаққапты шешу, айналаға мұқият қарау қажеттігін ескертеді. Велосипед, мопед немесе электросамокат мінген кезде Жолда жүру қағидаларын сақтау маңызды.

Ата-аналарға баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын біліп жүру және балалармен жиі сөйлесу ұсынылады. Бала қиын жағдайға тап болған кезде ата-анасынан қорған табатынына сенімді болуы керек. Егер балаға қауіп төніп тұрса, ІІМ "102" нөміріне немесе "111" байланыс орталығына хабарласуға шақырады.

Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Ведомствоның атап өтуінше, ортақ міндет – қауіпті жағдайлардың алдын алып қана қоймай, балаларға қауіп-қатерді дер кезінде танып, көмек сұрауды үйрету. Полиция барша ата-ананы балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл