Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Илон Маск Украинаға көмек беруін тоқтатуы мүмкін
Жаңалықтар

Илон Маск Украинаға көмек беруін тоқтатуы мүмкін

14.10.2022
1 мин
0
693

Илон Масктың  SpaceX компаниясы Пентагонға Украинадағы Starlink спутниктік интернет қызметтерін қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін екенін ескертті.


SpaceX Пентагонға Украинадағы спутниктік қызметтерді қаржыландыруды ұсынды.


Соңғы мәліметтер бойынша, Украинаға 20 000-ға жуық Starlink спутниктік аппараты жіберілген. Бұл SpaceX-ке 80 миллион доллар шығын әкелді, жылдың соңына қарай бұл сома 100 миллион доллардан асады.


«Егер АҚШ Үкіметі айына бірнеше миллион бөліп Украинадағы Starlink спутниктік интернет қызметтерін қаржыландырмаса онда осымен SpaceX тарапынан көрсетілген көмек тоқтатылады», –  делінген мәлімдемеде.


CNN мәліметтері бойынша, SpaceX қыркүйек айында Пентагонға хат жолдаған, онда компания бұдан былай Starlink қызметтерін бұрынғыдай ауқымда қаржыландыра алмайтынын жеткізген. Сол хатта Пентагоннан Украинаның Starlink-ті үкіметтік және әскери пайдалануын қаржыландыруды өз мойындарына алу туралы өтініш жасалынған.  SpaceX  Starlink қызметі жыл соңына дейін 120 миллион доллардан асады, ал алдағы 12 айда 400 миллион долларға жетуі мүмкін деп мәлімдейді.


Соңғы кездері Украинада SpaceX басшысы Илон Маск елді қолдай ма жоқ па деген сұрақ туындап, осыған қатысты алаңдаушылық артып келеді. Бұған дейін Илон Маск Ресей-Украина қақтығысын шешудің жоспарын ұсынған болатын. Сол жоспар бойынша  Украина Қырымнан бас тартуы керек. Алайда сол кезде Украина президенті Владимир Зеленский Масктан кімнің жағында екендігі туралы сұрағанда ол «Бұрынғыдай Украина жағында екендігін әлі де қолдайтынын, бірақ ауқымды шиеленістен қорқатынын айтқан еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл