Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Иманғали Тасмағамбетов сайлауда кімге дауыс береді?
Жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов сайлауда кімге дауыс береді?

14.11.2022
1 мин
0
878

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарды жуырда болатын президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруді шақырды.

«Ардақты отандастар!

Бұл жыл мемлекетіміз үшін ерекше қиын жыл болды. Тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет еліміз ең басты, ең ізгі құндылықтарын жоғалтуға шақ қалды.

Тарих куә, мұндай жағдайдан кейін көп елдер өз өзіне келе алмай, ондаған жылдарға тұралап қалады. Бірақ осыған қарамастан біздің халық, ауырлыққа майыспайтын ерік-жігері мен қаранардай қайыспайтын күшін көрсетіп, төрткүл дүниеге өзінің өркениетті өмірге деген хақын паш етті.

Кешегі аласапыранда ортақ үйіміздегі береке мен тыныштық та халқымыздың осынау даналығы мен бірлігінің арқасында, даралығы мен ірілігінің арқасында сақталды. Еліміз үшін сол бір сындарлы сағаттарда Президент Қ.Тоқаевтың мемлекеттің ыдырауына жол бермей, тізгінді нық ұстап отырғанына баршамыз куә болдық. Сөз жоқ, бұл ұлт алдындағы, ұрпақ алдындағы орасан зор жауапкершілік.

Әрине, дәл қазір әрбір азаматымыз үшін ең маңызды мәселе не? Қарапайым, бірақ өте қажет үш нәрсе бар. Ол: ертеңгі күнге деген сенімі, бала-шағасының амандығы, өзін бейқам сезінуі. Бұл құндылықтардың қадірі, әсіресе, айналадағы қарулы қақтығыстар мен мән-мағынасыз қантөгістерді көргенде ерекше білінеді.

Міне, осындай алмағайып уақытта ел тізгінін санасына табиғаттың өзі дарытқан геосаяси көрегендігі, туған халқының мүддесін биік қоя алатын дипломатиялық ой-өрісі бар қайраткер, ең бастысы – мемлекеттің тағдыры үшін жауапкершіліктен тайсалмай, тік көтеретін тұлға ұстау керек. Өз басым бұл қасиеттердің барлығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бойынан көремін.

Сондықтан, бүгінгідей ел-жұртымыз үшін сындарлы уақытта мен Қасым-Жомарт Кемелұлын алдағы үлкен саяси науқан – Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда қолдауға шақырамын.
Азаматтарымыз туған ел алдындағы жауапкершілігін сезініп, жұмылған жұдырықтай ауызбіршілігін танытып, дұрыс таңдау жасайды деп үміттенемін.

Тұйық жолдан адастырмай алып шығатын да, қаратүнек қиындықты жарып шығатын да – бірлік! Осыны ұмытпайық, ағайын!» -, делінген жазбада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл