| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау үшін кеңес өткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кеңес барысында министрліктер мен әкімдіктерге өңірлерде инвестициялық жобаларды жедел іске қосу және қарқынды инвестиция тарту жұмыстарының тиімділігін арттыру тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасарлары мен облыс әкімдері өз баяндамаларын ұсынды.
Олжас Бектенов өңірлер арасындағы инвестиция тарту көрсеткіштеріне назар аударып, нақты мысалдар келтірді.
-Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуы тиіс. Бұл ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын, — деді ол.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша биылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестиция 13,8 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Ең үлкен өсім энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында байқалды.
Сонымен қатар, Премьер-министр инвесторларды сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру, инфрақұрылым салуды жеделдету және құқықтық кедергілерді жою бойынша шараларды күшейтуді тапсырды.
- Тізілімге енгізілген инвесторларға қатысты «прокурорлық сүзгі» енгізу арқылы 380 заңсыз тексеру мен 450 әкімшілік өндіріс тоқтатылды. Осы арқылы елімізде инвестициялық климат жақсарды және 1800 инвесторға көмек көрсетілді, — деді Олжас Бектенов.