Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Инвестор тәжірибесі: қаржылық сауаттылық және ақшаны басқарудың қыр-сыры
Қаржылық сауат

Инвестор тәжірибесі: қаржылық сауаттылық және ақшаны басқарудың қыр-сыры

25.12.2025
мин
0
99

Dauletten.kz тілшісі әлеуметтік желіде танымал ментор Sayat Investment-пен сұхбаттасып, қаржылық сауаттылық пен инвестицияның қыр-сырын білді.

Маман қаржыны жоспарлау, жинау және өсіру тәсілдерімен, инвестициядағы қауіпті азайту жолдарымен бөлісті.

– Қаржылық сауаттылықтың ең басты үш қағидасы қандай деп ойлайсыз?

– Біріншісі – жоспарлау. Адам өзінің шығындарын алдын ала есептеп, бюджет жасап отыруы керек. Екіншісі – сақтау. Айлық түсе сала, шығындарды күтпей, кірістің кем дегенде 10%-ын өзіңізге қалдыру керек. Бұл ақша жинау әдетін қалыптастырады. Уақыт өте оны 20–30%-ға дейін арттыруға болады. Үшіншісі – ақшаңызды өсіру. Құр ақша инфляцияға кетеді, депозиттің өзі оны толық жаба алмайды. Сол үшін инвестиция арқылы қаражатты “жұмыс істету” маңызды.

– Көп адамдар инвестиция жасай бастағанда қандай қателіктерге ұшырайды?

– Біріншіден, жүйесіз бастау. Көптеген адам тегін сабақтарға қарап, өз бетімен кірісіп кетеді, бұл үлкен шығынға әкелуі мүмкін.

Екіншіден, жылдам баюға ұмтылмау керек: трендинг, крипта сияқты тез байып кету жолына асықпау. Себебі бұл өмірде жылдам байып кетудің жолы жоқ. Егер жолы болса, әлемдегі Forbes-тегі барлық адамдар жылдамырақ капиталын өсірер еді.

– Акция сатып алмас бұрын компанияны қалай талдаған дұрыс?

– Компанияның қаржылық есептерін қарау, жаңалықтарын қадағалау, табысы мен қарызын білу қажет. Нарықтағы құнын ескеру маңызды. Біз көбіне 200 млрд теңгеден жоғары капитализациясы бар ірі компанияларға инвестиция жасаймыз.

– Инфляция кезінде ақшаны қалай құнсыздандырмай көбейтуге болады?

– Қор нарығына немесе доллармен инвестиция жасау. Ақша өсіп қана қоймай, пассивті табыс көзі ретінде ай сайын кіріс әкеледі.

– Шетелдік нарыққа инвестиция салу қаншалықты қауіпсіз және оның артықшылығы неде?

– Америкалық акциялар Қазақстандықтарға қарағанда сенімді. Қазақстанда ірі компаниялар өте аз, ал әлемде 5 трлн долларлық нарықтағы ірі компаниялар бар. Сол үшін шетелдік компаниялар сенімдірек.

– Тәуекелді азайту үшін инвестициялық портфельді қалай құру керек?

– Біз 50/30/20 стратегиясын қолданамыз: 50% – америкалық акциялар, 30% – ETF, 20% – облигациялар.

– Қандай компаниялар мен салаларда ұзақ мерзімді өсім күтуге болады?

– Қазіргі таңда чип саласы ұзақ мерзімді өсімге өте перспективалы болып отыр. Мысалы, ЖИ технологиясы дамып жатқан сайын Nvidia сияқты компаниялардың чиптері әртүрлі құрылғыларда қолданылады. Сонымен қатар, мәңгі сұраныста болатын салалар бар: тамақтану және медицина әрдайым тұрақты табыс әкеледі.

– Қаржылық еркіндікке жету үшін қандай табыс деңгейі мен жоспар қажет?

– Мұнда мәселе табыс көлемінде емес, тұрақтылықта. Мысалы, айына 5 млн теңге тауып, оны бірден жұмсайтын адам қаржылай еркіндікке жетпейді. Ал айына 300 мың теңге тауып, оның 20%-ын тұрақты түрде инвестициялайтын адам уақыт өте қаржылай еркіндікке қол жеткізеді.

 – Қаржы дағдарысы кезінде инвестор не істеуі керек?

– Эмоцияға берілмей, қолдағы мықты акцияларды сатпау қажет. Дағдарыс өткеннен кейін акциялар қайта өсім көрсетуі мүмкін. Ешқашан акцияны эмоцияға беріліп сатпаңыз.

– Инвестиция жасағанда эмоцияны қалай бақылау керек?

– Бір акция өсіп жатыр деп асығыс сатып алмау, құлап кеткенде қайта сатып алмау – тәуекелді азайтады.

– Инвестицияға психикаға ауыртпалық салмайтын соманы салу керек.

– Портфельді әртараптандыру өте маңызды. Бастапқыда 50/30/20 әдісін қолданған жөн: 50% – америкалық акциялар, 30% – ETF, 20% – облигациялар.

Яғни, қаржыны дұрыс басқару үлкен табыстан емес, дұрыс әдеттен басталады. Ақшаны аздан жинап, оны ақылмен жұмсауды үйренген адам ғана қаржылық тұрақтылыққа қадам басады. 

Осы орайда депутат Дәулет Мұқаевтың «Жүз мың теңге тауып, оның 10 мыңын жинауға үйренбеген адамға ақша ешқашан жетпейді», - деген сөзі ойға оралады. Ақ адал еңбекпен тапқан ақшамыздың құнын білейік. Қаржылай сауатты болайық!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл