Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуір күні Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.
2022 жылдың қазан айында Италия премьер-министрі болып тағайындалған Джорджа Мелони ел тарихында үкімет жетекшісі қызметін атқарған алғашқы әйел ретінде тіркелді. Осы лауазымға келгеннен бері ол алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келмек.