Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіп бастауға арналған «Ата жолы» картасы жобасына кімдер қатыса алады?
Бизнесті қолдау

Кәсіп бастауға арналған «Ата жолы» картасы жобасына кімдер қатыса алады?

26.07.2023
2 мин
0
1673
Фото: gov.kz

«Ата жолы» картасы – шет елдерде жүрген этникалық қазақтарға бизнес-кейсін тарихи отанында іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтығын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі. Бұл құжатты «Құтты мекен» мобильді қосымшасының көмегімен өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну арқылы алуға болады.

Бұл карта Мемлекет басшысының елге кәсіпқой мамандарды және табысты кәсіпкерлерді тарту үшін Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Ережеге сәйкес «Ата жолы» картасы үш санаттың біріне сәйкес келетін шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін ұсынылады:

  • ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің болуы;
  • үміткердің Қазақстанда талап етілетін кәсіптерге ие болуы;
  • тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы.

Құжатты алу үшін «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру немесе Қазақстан елшілігіне жүгіну қажет.

Тіркелгеннен кейін өтінім бес жұмыс күні ішінде қаралады, содан кейін әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы орган сол қосымша арқылы алушыны құжаттың ұсынылғаны туралы хабардар етеді.

«Ата жолы» картасын «Құтты мекен» қосымшасынан алуға болады.

Осыдан кейін этникалық қазақ виза алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемесіне жүгіне алады немесе (тұратын елімен визасыз режимде) көшіп келушілердің келуі мен болуының қазақстандық тәртібіне сәйкес бірден елге келе алады.

Келген соң «Ата жолы» картасының иегері ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхатты ресімдеу үшін аумақтық ішкі істер органдарына жүгінуге тиіс.

Карта алынған санатқа байланысты этникалық қазақ не жұмыс берушімен шартқа қол қояды және оны «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде» тіркейді, не өзінің бизнес-жоспарын жүзеге асыруға кіріседі.

«Ата жолы» картасының иегерлерінің этникалық қазақтардан басты айырмашылығы – олар басқа елдің азаматы болып қала отырып, азаматтар мен қандастар сияқты құқықтарға ие болады.

Мәселен, оларға қазақстандық заңнамаға сәйкес жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік төлемдер жүргізу және қызмет алу, тегін орта білім алу, мемлекеттік мекемелерде тегін арнаулы орта немесе жоғары білім алу конкурсына қатысу немесе жеке оқу орындарында ақылы оқу және т. б. мүмкіндігі қолжетімді болады.

Бұдан басқа, «Ата жолы» картасының иегерлері Қазақстан азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алуға мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, «Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы жоқ, республикалық референдумға қатыса алмайды және мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл