Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкер ару: «Отандық өнім тек Қазақстанда ғана емес әлем бойынша сұранысқа ие тауарға айналады»
Менің кәсібім

Кәсіпкер ару: «Отандық өнім тек Қазақстанда ғана емес әлем бойынша сұранысқа ие тауарға айналады»

28.10.2022
мин
5
4758

Бүгінгі таңда әртүрлі салада тасы өрге домалап жатқан қазақстандықтар жетерлік. Кәсібін дамыту арқылы өзіне де замандастарына да көмегі тиіп жатқандар аз емес. Ал шымкенттік ару елімізде жоқ кәсіпті алғашқылардың бірі болып қолға алды. Баянсұлу Оразалиева балаларға арналған жөргек шығарып жатыр. Dauletten.kz кәсіпкермен телефон арқылы сөйлесті.

Бизнеске деген алғашқы қадамыңызды қанша жасыңызда бастыңыз?

Бизнес маған анау айтқандай таңсық дүние емес. Себебі менің әкем де біздің өңірдегі айтулы кәсіпкердің бірі. «Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген жақсы сөз бар ғой, содан шығар мен алғашқы ақшамды достарыма, жақындарыма тауар сатудан бастадым. Қателеспесем, алғаш сегізінші сыныпта Қытайдан тауар алып келетін таныс әпкем болды. Сол кісіден түрлі сырғаларды алы, сыныптастарыма сатта бастадым. Уақыт өте келе Aliexpress сынды сайттардан арнайы тапсырыс беріп жақын туыстарыма ұсындым. 300-400 теңгеге алған заттарымды төрт-бес есе қымбатқа өткізіп жүрдім.

Қазақстан халқы көбінесе азық-түлік өндірісінде бәсекелестікке тап болады. Ал балаларға арналған жөргек шығару идеясы қайдан келді?

Осы күнге дейін жиырма беске жуық кәсіппен айналыстым. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, әрбірінен тәжірибе жинадым. Қызығы сол, көбінде асығымыз алшысынан түсіп, тек алға жылжып отырдық. Өзім ешкімде жоқ, жаңа  кәсіппен айналысқанды дұрыс деп санаймын. Ал жөргек шығаруға келсек, негізі үш жыл бұрын келген идея бұл. Қазір екі жасар ұлым бар, соған жөргек таңдайтын кезде санқұбылатынбыз. Өйткені ел аузында жүрген шетелдік брендттердің барлығын дерлік қолданып көрдік. Бірақ көбі көңілден шықпады. Содан осы идеяны іске асыруға оңтайлы уақыт та келген екен, бастап кеттік. Әлбетте бастамас бұрын зерттедік, Түркияға барып та сол жақтағы мамандармен бірігіп бастау да ойда болды. Дәл қазір тек өзіміз, Түркістан облысына қарасты Ақсукент деген ауыл бар, сол жерде шығарып жатырмыз.

Қазір дүкен сөрелері шетелдік тауарларға толы деп айтсақ қателеспейміз. Жөргек шығару өндірісінде қай елден үлгі алған дұрыс және қай мемлекеттен келген жөргектер сапалы?

Менің зерттеуімде нарықтың үш үздігі бар. Қытай, Жапония, Түркия. Қытай – 1000-ға жуық завод күніне миллиондаған жөргек шығарып жатыр. Сапасы әртүрлі, есесіне саны көп болғандықтан тізімде алғашқы болып тұрады.  Бұл Жапония бұл салада саны жағынан ұтпаса да, сапасын салыстырғанда әлдеқайда жоғары тұрады. Түркияға келсек, өзіміз барып аралған 40-қа жуық өндіріс орны бар бұл елде. Менің мақсатым - осы отандық өнімді еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі номері бірінші брендке айналдыру.

Үлкен істің басында жүрсіз, бизнесте қандай да бір принциптеріңіз бар ма?

Кез-келген адамның өз принциптері болады ғой. Бизнесте біршама уақыт жүріп, менің жеке ұстанымым қалыптасты. Біріншіден адалдық, қай жерден болмасын керек қасиет. Екінші басшылықтан әділдік талап ету және өзім де әділетті басшы болуға тырысамын. Үшінші біреудің ақысын жемеу, ешкімге ақымды бермеу. Төртінші достарыммен бизнесте серіктес болмаймын, бұл да тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан қағида. Соңғысы жоспармен жүру. Үлкен кәсіп болғандықтан алдағы күнді ғана емес, бірнеше айды да жоспарлаған кәсіпкер әрдайым ұтады деп ойлаймын.

Отандық өнім қанша жылда ел нарығында үлкен сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?

Осыдан екі-үш жыл бұрын «отандық өнім» десе сенімсіздік пайда болатын. Қазір елімізде жасалған тауарлардың көбі сұранысқа ие. Шымкенттің өзінде әртүрлі өндірістегі жүзге жуық зауыт бар.  Жасыратыны жоқ, мен патриот адаммын. Дүкенде жүріп те, «Қазақстанда жасалған» деген жазуды көрсем іштей қуанып, алғым келіп тұрады. Біздің жөргектер қазірдің өзінде сұранысқа ие деп толыққанды айта аламын. Қай жерде болмасын, «біздің елімізде жасалған жөргек» десем бәрі қызығушылық танытып, алғысы келіп тұрады.

Бүгінгі күні әсіресе осы бизнеске келгенде тренинг өткізу, курс ашу деген трендке айналды. Бұл істің де маманы бар, сіз қай тұлғадан үлгі аласыз?

Нақты ешкімді айта алмаймын. Әр тұлғаның айтары бар, өзіме керегін аламын. Мен үлгі тұтатын, кеңесін тыңдайтын бір ғана адам бар, ол – әкем. Өмірде де, кәсіпте де көмегін аямайтын, еңбегі сіңген адам.

Баянсұлу ханым, сұхбат бергеніңізге рақмет!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Л
Лязиза 29.10.2022
Енді бағасы қанша екен? Күнделікті алып жүрген памперстен арзан ба? Қымбат па?
Жауап беру
Б
Багжанар 29.10.2022
Касыбынызге Алла берекесын берсын молодец. ????????????
Жауап беру
А
Айнур 28.10.2022
Мен өз елімізде жасалған дегенді көрсем өте қатты қуанам.Алға баса берсын бизнесіңіз.
Жауап беру
А
Асия hanym! 28.10.2022
Ыске сайт! Бизнесыныз Алга бассын, ел жузынде танымалы болсын! ????????
Жауап беру
А
Айым 28.10.2022
Баяшка, молодец????????????
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл