Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Kaspi.kz арқылы зейнетақы мен жәрдемақы алу бұрынғыдан да жеңілдей түсті
Жаңалықтар

Kaspi.kz арқылы зейнетақы мен жәрдемақы алу бұрынғыдан да жеңілдей түсті

12.05.2022
1 мин
8
9057

Енді eGov.kz сайтында зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін өтінім берген кезде төлемдерді Kaspi.kz арқылы алғыңыз келетінін көрсетуге болады.

Сондай-ақ, төлемдерді алу үшін өтінімде Kaspi-дегі жеке шотыңызды таңдай аласыз. Бұрын 20 таңбалы шот нөмірлерін (IBAN) қолмен теру керек болатын. Енді шоттар өтінім беру барысында автоматты түрде көрсетіледі.

Зейнетақы үшін Kaspi Gold шоты пайдаланылады. Жәрдемақы алу үшін – Әлеуметтік Шот керек, оны Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде онлайн режимде тез және оңай ашуға болады.

Әлеуметтік шотқа тек мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдер түседі. Бұл ешкім бұғаттай алмайтын, қол сұға алмайтын шот. Kaspi.kz-тегі Әлеуметтік Шоттан Kaspi Gold-қа кез келген уақытта комиссиясыз ақша аудара аласыз.

Kaspi-дегі шотыңызды eGov.kz порталындағы келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтер үшін таңдай аласыз:

  1. Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;

  2. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау;

  3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

  4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

  5. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;

  6. Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау;

  7. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.

Kaspi.kz командасы бұл қызметті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жасады.

Kaspi.kz командасы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қазақстандықтардың өмірін жақсартатын бірқатар инновациялық қызметтерді қосымшаға біріктіріп үлгерді. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар цифрлық құжаттарына қол жеткізе алады, көлігін қайта тіркеп, әлеуметтік шот ашып, жәрдемақы және басқа да көптеген қызметтерге қол жеткізе алады. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
8 Пікір
Ж
Жазира 22.05.2022
Жәрдемақыны каспий голдқа ауыстырса акша калай түседі 1айдан кейін ба.?
Жауап беру
Г
Гүлжайна 14.05.2022
Укіметтен ақша берілетіні распа
Жауап беру
Н
Назира 14.05.2022
Өкімет балдар мейрамына ақша беріледі дейді распа
Жауап беру
Қ
Қуралай 14.05.2022
Балалар күніне укіметен ақша беріп жатыр дейді шынба алды отірікпе Касп.кz арқалы отінім береді екенсің
Жауап беру
Р
Райгул 14.05.2022
Асп алуға бола ма
Жауап беру
А
Альбина 13.05.2022
Пособияны алуға болама каспиден???
Жауап беру
Л
Лаззат 12.05.2022
Мен ажыраскан жалгызбасты анамын кандаи жардем ала аламын
Жауап беру
Қ
Құттықыз 12.05.2022
Мен көп балаға берілетін пасобиямды халық банктен аламын Соны каспиге ауыстыруға болама?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл