Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Kaspi QR-ды пайдаланудың пайдасы қандай?
Қаржылық сауат

Kaspi QR-ды пайдаланудың пайдасы қандай?

04.02.2021
1 мин
14
10178

Бүгінде Kaspi.kz мобильді қосымшасын тұтынушылар саны 7 миллионнан асады. Бұл Қазақстан халқының 50 процентке жуығы Kaspi Bank клиенті деген сөз. Себебі банк қосымшасы әрбір клиенттің жеке төлемдері мен салымдарының тарихын көрсетіп қана қоймай, түрлі қызметтерді жылдам орындауға мүмкіндік береді. Қосымша күннен-күнге дамып келеді, оның көпшілік қолдана бермейтін пайдалы тұстары да аз емес. Сондықтан бүгінгі материалда Kaspi QR-дың пайдасына тоқталуды жөн көрдік.

Kaspi QR – Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы ыңғайлы, қауіпсіз әрі тиімді қызмет түрі. Оның көмегімен сіз:

  • банк серіктестері дүкендерінде алған затыңыздың ақысын карта шығарып, не ПИН-код теріп әуре болмай-ақ, үнемі өзіңізбен алып жүретін телефон арқылы төлей аласыз;
  • кез келген Kaspi Картомат, Kaspi Банкомат және Kaspi Терминалда картасыз және ЖСН-ді термей-ақ ақшаны шешу және шотты толтыру мүмкіндігіне ие боласыз.

QR-код арқылы төлем жасау үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасын ашып, Kaspi QR қызметін таңдаңыз. Телефон экранында QR-код сканері шығады. Кассадағы сатушы ұсынған QR-кодты сканерлеп, төлеу жолын таңдап, сатып алуды растаңыз.

Ақшаны шешіп, шотты толтыру үшін де жоғарыда көрсетілген Kaspi QR қызметін таңдап, банкомат экранындағы QR-кодты сканерлеп, экранда көрсетілетін келесі қадамдарды орындайсыз.

Kaspi QR-дың тағы бір тиімді тұсы – бонустар жинау мүмкіндігі. Әрине, стандартты 0,5 проценттік бонус картамен төлем жасағанда да түседі. Бірақ кейбір акциялар аясында берілетін бонустарды тек Kaspi QR қызметінің көмегімен алуға болады (Акциялар туралы ақпаратты мобильді қосымшаның «Акциялар» бөлімінен көре аласыз). Мысалы, ақпанның соңына дейін Kaspi Bank-пен серіктес Magnum Cash&Carry, Small, КеңMart сияқты супермаркеттерде алған азық-түлігіңіздің ақысын Kaspi QR арқылы төлесеңіз, 3 процент бонус сыйға беріледі. Мәселен, сіз Kaspi Bank-пен серіктес супермаркеттердің бірінен 8 500 теңгеге азық-түлік алдыңыз делік. Оның ақысын Kaspi Gold картасы арқылы төлейтін болсаңыз, шотыңызға 42,5 теңге көлеміндегі стандартты бонус (0,5%) түседі. Ал сол 8 500 теңгені Kaspi QR арқылы төлесеңіз, шотыңызға 255 теңге көлеміндегі акциялық бонус (3%) түседі.           

Бонустарды қоғамдық көліктің ақысын төлеуге, ұялы телефоныңызға бірліктер жинауға, ақылы лифт карталарын толтыруға пайдалануға болады. Сондай-ақ QR-код арқылы төлем жасағанда да бонусты қолдана аласыз. Ол үшін сатушы ұсынған QR-код-ты сканерлеген соң «Бонустарды жұмсауды» белгілеу керек. Осы тәсіл арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік ақысын да өтеуге болады. Ол үшін мобильді қосымшаны ашып, «Төлемдер» қызметіне кіреміз. Барлық төлемдердің ішінен «Транспортты» таңдаймыз. Кейіннен «Қоғамдық көлік» қызметінің ішінен «TRANSCARD. Транспорттың коды арқылы төлеуді» басып, автобус терезесінде көрсетілген 5 таңбалы кодты тереміз немесе автобустың QR-кодын сканерлейміз. Содан соң «Бонустарды жұмсауды» белгілейміз.

Kaspi.kz мобильді қосымшасының басқа да мүмкіндіктерімен танысу үшін қосымша мәзіріндегі Kaspi Гид қызметін пайдалануға болады.

Аяулым ТУРАБЕКОВА 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
14 Пікір
Т
Тамара 10.08.2022
Сол процент Ким толейди
Жауап беру
А
Ақсұңқар 01.07.2021
Керемет
Жауап беру
К
Кумис 10.03.2021
Керемет!!! Мулдем QR колданып кормеппин. Енди билетин болдык))
Жауап беру
А
Айнаш 22.02.2021
Менің осы кодпен пайдаланып жүргеніме 1 жыл болып қалды.жазда бес пайыз еді бонус.қазір үш пайыз. Картамен бір пайыз.тек қана
Жауап беру
А
Алинұр 24.02.2021
0,5 % картамен
Жауап беру
Ж
Жанар 20.02.2021
Көп рахмет өте пайдалы кеңес
Жауап беру
З
ЗАГИПА 04.02.2021
рахмет, менде толық былмейды екенмын
Жауап беру
М
Манзура 04.02.2021
Менин кредит колекторга отип кеткен енди суманы полны Толе дейди мен полный жаба алмаймын не истейм калай жасауга болады болип толесем жолдамын айтынызшы
Жауап беру
А
Айдын 04.02.2021
Мааа солай екенгой, деп тангалатын акпарат емес.
Жауап беру
А
Айжан 04.02.2021
білмейтіндер де бар
Жауап беру
Д
Дариға 03.02.2021
Керемет екен ақпарат
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл