Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Маман пікірі

Кедейлік психологиясынан қалай құтыламыз?

12.02.2021
1 мин
32
12611

Біреулер аяқ астынан байып кетеді, біреулер жиған ақшасынан бір демде айырылып жатады. Оның себебі неде? Бәлкім, жауап өз басымызда жасырылған шығар. Оны анықтау үшін мидағы орнатулар (установка) қалай қалыптасатыны және олармен жұмыс істеу турасындағы психолог, нейропсихолог, қаржылық коуч мамандарының ортақ пікірлері ескеріле жазылған осы материалды назарларыңызға ұсынамыз.

Алдымен көпшілікке таныс «кедей» мен «байдың» ойлау ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Қазір табысы төмен адам да «бай» психологиясының иесі болуы мүмкін немесе керісінше.

Егер адамда «кедей» психологиясы болса, ол «бай» психологиясына ауыспайынша қолына көп ақша түссе де, табысқа жете алмайды. Әлеуметтанушылардың лотереядан көп ақша ұтқан адамдарды бақылауы оған мысал бола алады. Өйткені зерттеу «кедей» психологиясына ие адамдардың лотерея ұтқаннан 5-10 жылдан кейінгі қаржылық жағдайы сол оқиғадан бұрынғы кезден де төмендегенін көрсеткен.

Мидағы орнатулар қалай қалыптасады?

Біздің миымызда екі маңызды жүйе бар.

  • Ежелгі, яғни лимбиялық жүйе эмоцияларға, бейсаналық әрекеттерге жауап береді.
  • Жаңа, яғни кейінірек эволюция нәтижесінде пайда болған кортикальды жүйе саналы әрекеттерге, жоспарларға жауап береді.

Лимбиялық жүйеде өзіміз білместен өмірде басшылыққа алып жүрген орнатулар бар.

Мидағы орнатулардың мысалдары:

  • адал жолмен ақша таба алмайсың;
  • көп ақша табу үшін жұмысқа жегілу керек;
  • ақша қашанда аз;
  • ақша деген су сияқты және тағы басқа.

Мидағы орнатулардың екі үлкен тобы бар.

  • Біріншісі: бақыт ақшада емес, оның санында. Бұл орнату ақша үшін өмір сүруге әкеледі. Яғни адам мейлінше көп ақша табу мақсатында барлығын істейді немесе керісінше ештеңе істемейді. Өйткені ақшаның ізіне түскенімен қалаған нәтижесіне жете алмай, күдер үзеді.   
  • Орнатулардың екінші тобы: көп ақша тапқан емес, ақшасы өзіне жеткен адам бақытты. Яғни адам ақшаны мақсат ретінде емес, өмір сапасын арттыруға көмектесетін мақсатқа жету құралдарының бірі ретінде қабылдайды. 

Мидағы орнатулардың көбі бала кезде ата-анамыздың ақшаға деген қарым-қатынасын көргенде қалыптасады. Есейген соң олардың моделін қабылдап, өзімізге икемдейміз немесе олар сияқты өмір сүруді қаламай, бәрін керісінше жасаймыз. Әрине, балалық шақта оң орнатулардың берілгені жақсы. Оған отбасының қаржылық жағдайы нашар болса да, ата-анасы балаға жаңа мүмкіндіктер іздеп, тырысу керегін айтуын жатқызуға болады. Ондай модельді қабылдаған баланың табысқа жету мүмкіндігі жоғары.  

Орнатулармен жұмыс

Егер сіз бала кезде велосипед тебуді үйренбесеңіз, бірақ қазір тепкіңіз келсе, велосипед алып, үйренуге тура келеді. Өйткені оны теориялық тұрғыдан үйрену мүмкін емес, тәжірибе жүзінде көру керек. Сол сияқты мидағы орнатулармен де жұмыс істеу керек, олар өздігінен өзгермейді.

Ол үшін қандай қадамдар орындауға болады?

1-қадам. Бір парақ қағаз алып, кем дегенде 10, одан да жақсысы 50 рет «Бай адам деген – ...» тіркесін жалғастырыңыз. Басыңызға келгеннің барлығын біртүрлі көрінсе де шынайы түрде, көп ойланбастан жазу керек. Өйткені жазу арқылы бейсана қойнауында жатқанды санаға түсіреміз.  

2-қадам. Барлық жағымсыз орнатуларды белгілеп аламыз.

3-қадам. Жағымсыз орнатулар қорқыныштарыңыз екенін қабылдап, олармен жұмыс істеймін деп шешуіңіз керек. Содан соң парақты ара-арасында қарап, қандай әрекеттер жағымсыз орнатулардың әсерімен орындалғанын талдаған маңызды. Себебі орнатулар аксиома емес, оларды өзгертуге болады.

4-қадам. Әрбір теріс орнатуды оң түрде жазыңыз. Мысалы, «көп ақша табу үшін көп жұмыс істеу керекті» «қаржылық жетістікке жетуім кәсібилігім мен тиімді мүмкіндіктерді табуыма байланысты» деген орнатуға ауыстыруға болады. Жаңа орнатуларыңыз өзіңіз сенетіндей, елестете алатындай болуы керек.

5-қадам. Жаңа орнатуды қолданыңыз. Қандай да бір қаржылық шешім қабылдамас бұрын орнатулармен жұмыс істегенде қандай сезімде болғаныңызды есіңізге алыңыз. Шешімді жаңа орнатулар шеңберінде қабылдау олардың миыңызда нық орнауына жол ашады.

Яғни ойлауымыз өзгергенде біз де өзгереміз.

Жансая ҚАМБАР

32 Пікір
А
Айгерім 10.03.2021
Миме
Жауап беру
Г
Гулмира 17.02.2021
Мен түкте түсінген жоқпын. Адам бай болам десе мүмкіндік көп. Тек өзіңе сенімді болу керек , болмайды деп айтатын адамдардың сөздеріне құлақ аспау керек деп ойлаймын . Ешкімге жалтактамау керек.
Жауап беру
В
Валия 16.02.2021
Күшті екен, үйрену керек
Жауап беру
М
Макпал 15.02.2021
Пайдалы акпаратынызга көп рахмет
Жауап беру
Г
Гулеке 01.03.2021
Түкте пайдасы жоқ. Кәдімгі күнделікті өмірден алынған
Жауап беру
И
Индира 14.02.2021
Пайдалы ақпараттар ушин коп рахмет!
Жауап беру
Б
Бағила 14.02.2021
Оқып жүрміз осының бәрін жаттайтындай болдым тек санада өзгеріс жоқ сияқты
Жауап беру
С
Сағидаш 14.02.2021
Негізі адамға талпыныс керек, сіздің мида біраааз нәрсе бар, бірақ талпынбайтын шығарсыз, "и не болады дейсің, курсынш" деген ойлар басымырақ болып тұрғой. Туекел ету керек адам.
Жауап беру
Х
Халима 14.02.2021
Түк түсініксіз. Қарапайым тілде түсіндірген жөн болар еді. Ми шаршап кетті.
Жауап беру
14.02.2021
Ия дұрыс айтасыз,
Жауап беру
З
Зина 14.02.2021
Керемет айтылған осындай пайдалы мәліметтер ушин рахмет сиздерге Алла разы болсын
Жауап беру
А
Айнұр 14.02.2021
Жақсы жазылған, аударма түсінікті
Жауап беру
Т
Тоқмұқамет Нұрсара 14.02.2021
керемет жазылған, өзімдегі кейбір ойларымның қате екенін сезіндім
Жауап беру
Т
Тоқмұқамет Нұрсара 14.02.2021
керемет жазылған, өзімдегі кейбір ойларымның қате екенін сезіндім
Жауап беру
А
Айдана Тойбекова 14.02.2021
Оте дурыс установкамен жумыс истеп журмин бар умитимц бир Алладан
Жауап беру
А
Айгуль 14.02.2021
Тук тусинбедим
Жауап беру
Н
Нургуль 12.02.2021
Совет кезінде білім алғаннан кейін бе? Білмеймін кейінгі кездегі қазақша жазуды оқысам дым түсінбеймін. Енді қайсысы дұрыс?
Жауап беру
14.02.2021
ия аударма дурыс емес
Жауап беру
Р
Рау 12.02.2021
Дәл солай. Тікелей аударма болғансоң ба түсініксіз.
Жауап беру
14.02.2021
казырги батыстын психологиясын созбе соз аударган
Жауап беру
А
Ардақ 12.02.2021
Сол тура Сiзге ұқсап түк түсінсем бұйырмасын болдым.
Жауап беру
N
Nurdavlat 12.02.2021
Арине санамыздагы жаман ойлардан арылып жаксы Жака карай жылжу
Жауап беру
А
А 11.02.2021
Уффф
Жауап беру
С
Сагила 10.02.2021
Уффф дым түсінбедім , соңгы кезде көп ақпараттар тыңдадым, мынаны көшіріп жазып алмасам, шатасып кеттім
Жауап беру
Ж
Жадыра 10.02.2021
Әрине дұрыс санамыздағы жаман ойларды шығармай ешқандай жетістіке жетте алмаймыз.
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл