Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Келер жылы баспана бағасы қымбаттай ма – маман пікірі
Маман пікірі

Келер жылы баспана бағасы қымбаттай ма – маман пікірі

30.11.2020
1 мин
38
12459

Жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылар ағымдағы жылдың соңы мен 2021 жылдың басында тұрғын үй нарығында баға қалай өзгеретінін айтты.

Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің пікірінше, келесі жылы I-III санаттағы, яғни элит, бизнес, жайлы санатқа жататын баспана бағасы өседі. Ал эконом санатындағы тұрғын үй бағасы 2021 жылдың басында өзгеріссіз қалады.

"Елімізде банктер мен баспана алуға бағытталған бағдарламалар арасында эконом санатындағы үйлер сату-сатып алу бойынша ең белсенді болып табылады. Сондай-ақ, бұл санаттағы тұрғын үйлерге отандық құрылыс материалдары қолданылады. Нәтижесінде баға қымбаттамайды», - дейді Ермек Мүсірепов.

Ал қайталама нарық саласындағы сатушылар доллар бағамын айтып, соманы негізсіз көтереді. Десе де, сатып алу кезінде мұндай пәтерлер бойынша сыйақы мөлшерлемелері төмендегенін ескеріп, бағаны 10-15%-ке түсіруге болады.

Баспанаға қатысты  Қазақстан риелторлары біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко биыл пандемия халықтың төлем қабілетіне әсер еткенін алға тартады.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың барлығы баспана алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана алмайды. Сол себепті халықтың басым көпшілігі қолжетімді бағдарламалар арқылы ипотека рәсімдей алмайды. Нәтижесінде, азаматтар арасында жылжымайтын мүлік алу мүмкіндігі азайды.

Степаненко тұрғын үйді сатып алу-сату көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ке кемігенін айтты. Сондай-ақ, шаршы метрдің бағасы өсті, өйткені құрылыс материалдарының көп бөлігі Қазақстанға шетелден келеді және шетел валютасымен сатып алынады.

"Менің ойымша, 2021 жылы жеке сектор, саяжайлар және  50 шаршы метрге дейінгі пәтерлер белсенді сұраныста болады. Ал бағаға келетін болсақ, сатушылар баспана бағасын қаншаға ұстаса да, жылжымайтын мүліктің бағасы біртіндеп төмендейді", – дейді ол.

Назерке Байжан

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
38 Пікір
Б
Бигайша 16.12.2020
Казактын жери кен байтак деп кеуде кергени неге керек, уй жалдап кангып журген бир казак((((
Жауап беру
А
Асем Арғын 05.12.2020
Мың жерден пікірінді айтсаң да, халық пен санасы жатқан билік жоқ. Қазаншының еркі өзінде кайдан құлақ шығарсада
Жауап беру
А
Асем 05.12.2020
Азғантай халықпыз сонда да жарымғанбыз. Бидай шіріп жатса да нан қымбат, жер кең болсада мұнай кен мол болсада үй де, бәрі қымбат.
Жауап беру
А
Асем Арғын 05.12.2020
Ия расында осындай аз шашыраған бытыраган себелеген болсада, не кымбат Қазақстанда әр қазақ үшін әрине азық түлік кымбат, тұрғын үй кымбат, оқу кымбат, ем алу кымбат. Қолжетімділік өте аз тіпті жоқтың қасы десе де болады. Ал біз 50млн халық болсақ онда былмеймын не боларсын, тіпті ойлау ға коркамын.
Жауап беру
Л
Лаззат 02.12.2020
20-25 жыл аралыгы кай айдан басталады
Жауап беру
А
Айгерим 01.12.2020
Арзандатсын набарот
Жауап беру
А
Айгерім 01.12.2020
Қазақстанда және ЖССБ қолжетімді бағдарлама болған емес, болмайдыда
Жауап беру
А
Айгерім 01.12.2020
Қазақстанда және ЖССБ қолжетімді болған емес, болмайдыда
Жауап беру
Б
Балжан 01.12.2020
Мяя сіздің де ЖССБанктің өтіріктері көп ЖССБанкке қатты өкпеледік Барлық бағдарламасы өтірік бұларда ұят жоқ Даулет банкке сенбе
Жауап беру
Қ
Құралай 01.12.2020
Сол салған үйлері құлап бытшыт болып тәубеге келсе екен айлық аз тамақтан арылмайды жасымызда келіп қалды үй қалай аламыз құрсын
Жауап беру
Қ
Құралай 01.12.2020
Сол салған үйлері құлап бытшыт болып тәубеге келсе екен айлық аз тамақтан арылмайды жасымызда келіп қалды үй қалай аламыз құрсын
Жауап беру
Қ
Құралай 01.12.2020
Сол салған үйлері құлап бытшыт болып тәубеге келсе екен айлық аз тамақтан арылмайды жасымызда келіп қалды үй қалай аламыз құрсын
Жауап беру
Т
Тамара 01.12.2020
Уйде не қол жетімді қылмайды көп балалы аналар қалай алады
Жауап беру
Г
Гулжан 01.12.2020
Халыкка тиимди багдарлама бериндерши беретин болсандар
Жауап беру
01.12.2020
Бермейді бұлар баяғыда ұн бермей аштықтан қырылып қалың деп поёк беріп отыратын еді қәзір үй бермей жанды жеріңе пышақ сұғып отырады бұл үкімет қарғыс атқыр
Жауап беру
Н
Нұрлан 30.11.2020
Ертегі айтпандаршы. Алматыда баспана арзандаған емес және арзандамайды да. Жылдан жылға қымбаттай береді. Ипотека тиімді. Бірақ бастапқы жарнаға көпшіліктің қолы жетпейді.
Жауап беру
Ж
Жангул 30.11.2020
Мемлекеттік бағдарламалардағы үй бағасы қол жетімді болғаны әрине жақсы гоо
Жауап беру
Г
Гүлбаршын 30.11.2020
Салған үйлердің сапасы нашар болады
Жауап беру
А
Айнур 30.11.2020
Сонда 2021де уй арзандайдыма
Жауап беру
А
Айнур 30.11.2020
Сонда 2021де уй арзандайдыма
Жауап беру
Ж
Жаңыл 30.11.2020
Кәзір халықта ( выживание ) бапана екінші орындаа ☹️ Ертең аш боламызба или тоқ боламызба деген халық . Баспана қол жетімді емес ,қол жетімсіз болып барады
Жауап беру
А
Ақнұр 30.11.2020
Шынымды айтсам 20 жыл болды квартирада жургениме .Кейде осы Қазақстанның азаматшасы болып туылғаныма қапа болып кетемин, әрине кешірерсіздер мені. Кейде осы баспанасыз өмірден өтіп кетемін ба деп қорқамын.
Жауап беру
М
Мико 30.11.2020
Осыгой укимет баска не кктесин тек кымбаттатуды билед каншама казак уйсиз жур озимде коп балалы анамын 7жыл болды очередь кутип уйсиз журмиз
Жауап беру
А
Айнур 30.11.2020
Баска не кутип единиз укиметтен? Уй жок адам тагы 20 жыл уйсиз журмесе болар! КАЗАКСТАН дамымайд бари шет елге кошед бул турлеринен
Жауап беру
А
Аяна 30.11.2020
Үй неге қымбаттайды айлығымыз азайып жатыр азық түлік қымбат нан тауып жеседе жаман емес халық
Жауап беру
Б
Бақыт 30.11.2020
Үй өткізу үшін, ойбай қымбаттайды дей бермеңдерш, солардың басына көрінсін. Үйсіз жүрген тек қазақ, оралман қандастар даже үйсіз емес
Жауап беру
Н
Назира 30.11.2020
Дурыс айтасыз мен 4 балам мен уй жалдап турамын ,хозяин оралман 2 уйі бар.
Жауап беру
Қ
Қаламқас 30.11.2020
Баспана бағасы өсіп жатыр , қаншама қазақ үйлерге қол жеткізе алмай жүр.Бағдарламалары миға сыйымсыз.Ипотека алар кезде доход жетпейді, пасобия тураласаң доход асып кетеді.Әйтеуір тек қана шапқылау.
Жауап беру
Ж
Жулдыз 30.11.2020
Жақында жолдасым екеуміз 7-20-25пен БЦКға барып 16 000 000 2 бөлмелі үйді есептетуге бардық. Бізге табысымыз жетпейді дейді, не бары 10млн мақұлдауға болатынын айтты. 90000тг айына төлеммен 25жылға деп бергенбіз. Сонда жолдасымның 210000айлығы жетпейтін болып шықты. Кредитіміз жоқ, 1ақ баламыз бар. Мен гарант болуым керек. Бұл Алматыдағы ең төмен бағадағы 2бөлмелі пәтер, әлі салынып болмаған. Сонда ертең мен декретке шықсам, немесе басқа жағдай болса 1адамның табысымен қалай пәтер жауып өмір сүруге болады? Қайда өсірмекші бағаны? Тек элит/бизнес класстағы үйлердің бағасы ғана өседі деген бос әңгімесі сияқты, меніңше. Баға өскен соң бәрі сол бағаның арғы-бергі жағын ұстанады. Бағдарламаларды шығарған сайын баға күрт өзгерді ғой. Негізі ойланып қарасақ, қарапайым халық үшін жағдай қиындау!
Жауап беру
Н
Назгуль 30.11.2020
Дұрыс айтасыз сізбен толықтай келісемін
Жауап беру
Ж
Жазира 30.11.2020
Сонда қарапайым халық үйлі бола алмай ма
Жауап беру
А
Алсу 30.11.2020
Баспана алу шарттарын женилдетсе нур устине нур болар еди бастапкы жарнасы томендетсе
Жауап беру
Ш
Шынар 30.11.2020
Үйдің бағасы түседі дегенге сенім жоқ.Сенбеймін тем более Қазақстанда дегенге.Түсіп жатса,рақыметтен басқа еште дец алмаймын.
Жауап беру
М
Малика 30.11.2020
Баспаның мемлекеттік мүмкіншіліктері туралы рекламаларда көбірек айтылса халықтың көзі жетер еді.
Жауап беру
М
Малика 30.11.2020
Ай кайдам біздің казакстанда баға төмендейді деп айталмаймын, Алла сол күндерге жетейік. Барлымызга сабырлылық берсін,бай болайық.
Жауап беру
Д
Дана 30.11.2020
Осы вторичный арзандайды деп, багасы котерилди,сондыктан ертен не болатынын ешким билмейди
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл