| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, сиыр етінің бағасы жыл соңына дейін тұрақты сақталады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазіргі таңда базар мен дүкендерде сиыр етінің орташа құны — килограмына 3,2–3,6 мың теңге аралығында. Министрдің сөзінше, бұл баға алдағы айларда да өзгеріссіз қалмақ.
- Біз бағаның тұрақтылығын сақтау үшін барлық шараны қолға алдық. Қазір тірі малдың экспорты тоқтатылған, етке квота қойылған. Сондықтан нарықта тапшылық немесе күрт қымбаттау болмайды, — деді ол.
Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырмен салыстырғанда ет өнімдері 21%-ға өскен. Дегенмен министр алдағы қысқа дейін жағдай бақылауда екенін атап өтті.