Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қар, жел, көктайғақ: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады
Жаңалықтар

Қар, жел, көктайғақ: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

04.11.2025
мин
0
321

Ауа райы өзгеруде. Сондықтан жолда аса сақ болыңыздар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ІІМ жол жүрісіне қатысушыларды сақ болуға шақырады.

- Құрметті азаматтар! Алдағы күндері ел аумағында ауа райының нашарлауы күтіледі: қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді. Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырады: доңғалақтардың, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер. Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар. Өз өмірлеріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл