| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ШҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолының 48-шақырымында жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Оқиға салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады.