USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Маман пікірі

Келісімшартқа қол қоймас бұрын неге мән беру керек?

29.12.2020
1 мин
17
18253
Келісімшартқа қол қоймас бұрын неге мән беру керек?

Көпшілік жұмысқа орналасу, несие алу сияқты кездерде келісімшартқа қол қоймас бұрын оны оқуды құнттамайды. Бірақ осы әдеттің кесірі кейіннен қаржылық орға түсіріп, әртүрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Оның алдын алу мақсатында қаржылық және құқықтық сауатты арттыруға үлес қосып жүрген заңгер Гүлмира Қарасайдан кез келген келісімшартқа қол қоймас бұрын неге мән беру керегін сұрап білдік.

- Гүлмира ханым, алдымен келісімшарттың басты бөлімдеріне тоқталып, оқырманымызға кез келген келісімшартқа қол қоймас бұрын неге мән беру керегін айтып берсеңіз.  

Келісімшарт бірнеше бөлімдерден тұрады. Оның басты шарттарына тоқталсам, келісімшарттың бірінші абзацында кіммен жасалғаны көрсетіледі. Мысалы, мына кісі мен мына кісінің арасында жасалды деп. Одан кейін "предмет договора" деген бөлім бар, қазақ тілінде келісімшарттың нысаны немесе келісімшарттың мәні деп әркім әртүрлі аударып жүр. Сол жерде келісімшарттың басты шарттары көрсетіледі, яғни кімнің не істеу керегі. Осы бөлімге қатты назар аудару керек. Себебі неге қол қойып жатқаныңыз, сіздің тарапыңыздан не істелу керегі және екінші тарап не істейтіні көрсетіледі.

Одан кейін тараптардың құқықтары мен міндеттері деген бөлім бар. Құқықтары мен міндеттері деген жерде міндетті түрде өзіңіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді оқыңыз. Келісімшартта бірі орындаушы, бірі тапсырыс беруші немесе жұмыс беруші мен жұмысшы деп көрсетілуі мүмкін. Аты-жөніңіздің жанында сізді келісімшартта ары қарай қалай атайтыны көрсетіледі. Яғни сіз жұмысшы болсаңыз, жоғарыдағы бірінші абзацта аты-жөніңіз көрсетіліп, ары қарай сізді жұмысшы деп атайды. Ал төменде жұмысшының міндеттері мен құқықтары көрсетілген. Сол жердегі міндеттеріңізді толығымен оқып, танысуыңыз қажет. Сонымен қатар келісімшарттың соңына қарай, аяғынан санағанда 2 немесе 3-абзацта ответстенность сторон, яғни тараптардың жауапкершілігі деген болады. Егер сіз жоғарыда аталған тараптардың міндеттері мен құқықтары деген бөлімдегі өз міндеттеріңізді орындамасаңыз, оған жауапкершілік туындайды. Ол тараптардың жауапкершілігі бөлімінде көрсетіледі. Мысалы, қарызды төлемеген жағдайда күніне 0,1, 0,3 немесе 0,5 пайыз өсімпұл қосылады деп көрсетілуі мүмкін. Сол бөлімде өзге де жауапкершіліктер көрсетіледі. Сол үшін ең бастысы келісімшарттың мәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері деген бөлімдерді оқу қажет және тараптардың жауапкершілігі бөлімінде міндеттерді орындамаған жағдайда не болатынына мән беру керек. Мысалға несиені алсақ, адамдар несие төлеуді кешіктіргенде кішігірім ақша қосылады деп ойлайды. Бірақ соңғы кездері несие келісімшарттарында өсімақы көп қосылады. Әсіресе шағын несие шарттары тиімсіз. Неліктен? Себебі қарыз алушы келісімшартты оқымады. Егер адамның көзіне көрсетіп, қарызды бір күн кешіктірген жағдайда осынша өсімақы қосылады, күніне 2,5, 5 мың теңге деп көрсетсе, қарыз алмаушы еді немесе кешіктірмеуші еді. Сондықтан міндетті түрде тараптар жауапкершілігі бөлімін мұқият оқу керек.

- Келісімшартты аяғына дейін оқымау неге әкелуі мүмкін?

Мысалы, адам қарызын бес күнге кешіктірді делік, шотын бұғаттайды (арест). Ал ол неліктен деп таңғалады. «Басқалары бес күн емес, бір ай бойы кешіктірсе де, бір жыл бойы несие төлемесе де шоттарын бұғаттамайды. Неге менің бес-ақ күн кешіктіргеніме бұғат қойды?» деген сұрақ туындайды. Оған себеп, соңғы кезде банктерден несие алғанда келісімшартта безакцепное списание деген болады. «Акцепт» ол – келісім. Ал безакцепное списание деген – сіздің келісіміңізсіз шотыңыздағы ақшаны шығарып алу.

Шотыма бұғат қойды деп жатады, бірақ ол бұғаттау емес, шотыңыздағы ақшаға төлем талабын қойып, сіздің келісіміңізсіз шығарып алу. Неліктен? Себебі келісімшартта егер борышкер қарызды дер кезінде қайтармаса немесе мерзімінен кешіктірсе, банк борышкердің келісімінсіз өзге шоттарындағы ақшаны қарызды өтеу үшін алуға құқылы деп көрсетілген. Мысалы, Каспий банкте несиеңіз бар, қарызды дер кезінде өтемедіңіз. Ал Халық банкіндегі шотыңызда ақша жатыр. Ол депозит немесе жалақы алатын шот болуы мүмкін. Оған Каспий банктен төлем талабы жіберіледі. Содан соң сол ақшаңыздан қарызды ұстап қалады. Оған ешқандай соттың шешімі де керек емес. Жалақыңыздан, өзге шоттарыңыздан қарызды ұстап қалғанда таңғалып отырасыз, бала-шағаңызға тамақ ала алмай қаласыз. Бұл сізді қаржылық орға түсіріп жіберуі де мүмкін. Сондықтан әсіресе банктермен жасалған келісімшарт мұқият оқылуы тиіс.

Жансая ҚАМБАР

17 Пікір
Эльмира
Енді барлық банкте договорда осы пункт тұрса мен келіспеймін алып таста десем алып тастайма банк? Или келіспесеніз ақша жоқ саған деп барлық банк шығарып салама. Сонда қалай ақша аламыз? Неістейміз ондай жағдайда сразу неге жауабын жазбағансыздар
Жауап беру
Жабу
Эльмира
Айок
Осыған накты жауап жазып берсе
Жауап беру
Жабу
Айок
Эля
Банк бір клиентке бола шартты өзгертпейді. #менің ойым. Себебі ол шартты жасагансон банк бекітеді. Бір клиентке бола өзгертіп клиенттің айтқанына көне бермейдіау
Жауап беру
Жабу
Қайыргул
Өте дұрыс неге қол қойып жатқанымызды білуіміз керек
Жауап беру
Жабу
Алтынгул
Келісім шартсыз онлайн алған кредиттін процентін қалай білуге болады
Жауап беру
Жабу
Айзада
Пайдалы ақпарат бергеніңіз үшін рақмет.
Жауап беру
Жабу
Айзада
Пайдалы ақпарат бергеніңіз үшін рақмет.
Жауап беру
Жабу
Назгул
Менеджерлер договорды берген кезде қол қойыңыз дейд гой, оқып қол қойыңыз деп айту керек шыгар, аз оқыңыз дейтіндер
Жауап беру
Жабу
Фатима
Өте көп пайызы сумдық амал жоқ тықтан аламыз көл қоясың шарасызсың жазылсын кридит енді бермесін жақсылап түсіндіремін шарттарын прасентін айтсын түсіндіремін қарапайым халық қа
Жауап беру
Жабу
Самал Балмагамбетова Мерекеевна
Қазақстанда адамдарды тонау ,жемқорлық бірінші орында тұр .банктер көзімізді бақырайтып тонап отыр.
Жауап беру
Жабу
Самал Балмагамбетова Мерекеевна
Мадина
Банк халықты тонап жаткан жок. Тонау деген сөздің мағынасын түсініп алу кк секілді сізге. Банкке адам өзі барадығой ақша кк болып.
Жауап беру
Жабу
Қаниза
Қойып отырған талаптарына келіпесең, ақшаны да алаалмайсың. Амал жоқ қол қоюға тура келеді.
Жауап беру
Жабу
Сағынғали
Ия қарағанда да басқа амал жоқ. Стандартты түрде жасалады. Тұтынушылардың құқығы аз ғана мөлшерде қорғалады. Соны қадағалайтын орталық жоқ немесе дұрыс жұмыс жасалмай жатыр деп есептеймін.
Жауап беру
Жабу
Марал
Дурыс айтасыз онша мән беріп қарамаймыз
Жауап беру
Жабу
Гуля
Ал унамаса да, ол шартты бір өзртетіндей банк. ... Кысылганда карамайсын ештенеге.
Жауап беру
Жабу
Nurjamal
Duris aytasizdar ote mukiyat boluimiz kerek kol koyatin kezimizde
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл