| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қарағанды облысы жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің регресс пен зейнетақы төлемдерін арттыру туралы өтінішін жауапсыз қалдырмады.
Өз сөзінде Тоқаев халықтың мұң-мұқтажын, тілек-ниетін жақсы түсінетінін айтты.
«Бұл зейнетақы мен салық жүйесіндегі, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістерге қатысты өте күрделі мәселе екенін атап өткім келеді» -, деді ол.
Ел басшысы бұл мәселені «шын мәнінде қоғамның барлық салаларының мүддесін ескере отырып, жан-жақты қарастыру керек» екенін тілге тиек етті.
«Үкімет қарастырып жатыр. 2023 жылдың басында үкімет маған нақты ұсыныстар жасайды» -, Қасым-Жомарт Тоқаев