| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сарапшылардың болжамынша, биыл инфляцияның баяулауы жағдайында халық табысы біртіндеп жақсарып, тұрғындардың қаржылық жағдайы оңала бастауы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда өткен жылы халықтың нақты табысы айтарлықтай өспей, керісінше инфляцияның әсерінен аздап төмендегені айтылды. Сарапшылардың пікірінше, бағаның қымбаттауы азаматтардың сатып алу қабілетіне тікелей әсер еткен.
Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің аға экономисі Генадий Рауның айтуынша, 2025 жылы экономика өсім көрсеткенімен, бұл халық табысының нақты артуына толық әсер етпеген. Негізгі себеп ретінде жоғары инфляция аталып отыр.
- Өткен жылы нақты табыстар өскен жоқ, тіпті аздап қысқарды. Мұның негізгі себебі – жоғары инфляция болды. Үкіметтің өзі де осы факторды атап өтті, – дейді сарапшы.
Мамандар инфляцияны тежеу үшін мемлекет тарапынан бірқатар шаралар қолға алынғанын айтады. Олардың қатарында несиелеу қарқынын шектеу, әсіресе тұтынушылық несиелерге қойылатын талаптарды күшейту бар.
Сонымен қатар жанар-жағармай бағасына уақытша шектеу енгізіліп, коммуналдық тарифтердің өсуі де белгілі бір деңгейде тежелді. Бұл шаралар бағаның шектен тыс қымбаттауын болдырмауға бағытталған.
Сарапшының болжамынша:
- Егер инфляция төмендесе және өсім сақталса, онда биыл халықтың нақты табысының артқанын көруіміз ықтимал, – дейді ол.