Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының прокуратурасы Хасан Қасымбаев пен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істің аяқталғанын және сотқа жіберілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Прокуратура мәліметінше, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 21 шілдеде істі айыптау актісімен бірге прокуратураға жолдаған. Ал 29 шілдеде айыптау актісі бекітіліп, іс Талғар аудандық сотына қарауға берілген.
Қасымбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы — 125-баптың 2-бөлігі (Адам ұрлау), 106-баптың 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 194-баптың 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша айып тағылған.
Айта кетейік, Қасымбаев бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында "Хуторлықтар" деп аталған қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі ретінде аталған болатын. Алайда өзі бұл айыптауларды жоққа шығарған.
Қазіргі уақытта Хасан Қасымбаев қамауда, тергеу изоляторында отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.