Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ХҚКО-ның қызметкерлері жеке тұлға жайлы ақпараттың таралмауына жауапты болады
Жаңалықтар

ХҚКО-ның қызметкерлері жеке тұлға жайлы ақпараттың таралмауына жауапты болады

04.10.2023
1 мин
0
567
Фото: Almaty.tv

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасы қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі. Бұл қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәртебесі өзгертілмек. Корпорация фронт-кеңселердің жұмысы және қосымша сервистерді іске асыру бөлігінде мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылады.

Бұған қоса мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр. Заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық және Жер кодексіне түзетулер енгізу ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл