Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көкшетауда ауыл шаруашылығы субсидияларынан 152 миллион теңге ұрланғандар сотталды
Жаңалықтар

Көкшетауда ауыл шаруашылығы субсидияларынан 152 миллион теңге ұрланғандар сотталды

24.02.2026
мин
0
151
Сурет: time.kz

Көкшетау қаласында агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік субсидияларды жымқыру фактісі бойынша сот шешімі шықты. Іс ҚМА-ның Ақмола облысы бойынша департаменті тергеген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу деректері бойынша, екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры А.С. Ефимкин мен «Рассвет» шаруа қожалығының жетекшісі А.В. Маслов сүт пен оны өңдеуге арналған субсидияларды заңсыз алған.

«Рассвет» қожалығында қажетті мал басы болмағанына қарамастан, электрондық шот-фактуралар жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-не 3 млн килограмнан астам сүт жеткізілген сияқты жалған құжаттар жасалған. Бұл деректерге сүйене отырып, сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу есептері дайындалып, уәкілетті орган субсидияларды мақұлдаған. Нәтижесінде бюджеттен кәсіпорын есепшотына қаржы аударылған.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал шамамен 152 млн теңге болды. Тергеу барысында алынған субсидияның бір бөлігі Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған, кейін сол қаржыға мобильді ғимарат сатып алынған.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды.

Сот шешімі бойынша А.В. Маслов пен А.С. Ефимкин 6 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекетке тәркіленді, ал қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талаптар толық орындалғанға дейін сақталады. Үкім заңды күшіне енді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл